Петропавл қаласында 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық біріншілік өтті. Сайыс барысында Петропавл қаласының “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің және балалар мен жасөспірімдердің спорттық күрес мектебінің, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Есіл, Жамбыл аудандарының 60-қа жуық балуаны 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.
Жалпыкомандалық есепте “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі жеңімпаз атанды. Ал “Күрес” мектебі мен Есіл ауданының құрама командалары екінші және үшінші орынға ие болды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.