«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛҒАН ЗЫҒЫР ТЕЗ ТАБЫЛДЫ

Тәртіп сақшылары  қолды болған 8,5 тонна зығырды ізін суытпай иесіне қайтарды.

Өнім Жамбыл ауданындағы шаруашылықтардың бірінің қоймасынан ұрланған. Бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен «КАМАЗ» машинасының түн мезгілінде елді мекеннен кеткені анықталған. Көп ұзамай жүк көлігі қалааралық тас жолда тоқтатылды.Ұрлықты ұйымдастырған сол шаруашылықта жұмыс істейтін жергілікті тұрғын болып шықты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp