2016 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша облыста 9548 заңды тұлға тіркелді.
Өткен жылы 551 жаңа заңды тұлға тіркеліп, шаруашылық субъектісінің 164-і (тіркелгендердің 29,8 пайызы) қызметін жүзеге асыруға кірісті.
Жаңадан тіркелген шаруашылық субъектілердің 549-ы шағын (99,6 пайыз), екеуі орта кәсіпорын үлесіне тиесілі. Ал оның 89,5 пайызы жекеменшік болса, 4,3 пайызы мемлекеттік меншік нысанында, қалғаны шетел меншігінде.
Жаңадан тіркелген шаруашылықтар көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде, ауыл, орман және балық шаруашылығында, өнеркәсіп, құрылыс салаларында, сондай-ақ, өзге де қызмет түрлерін ұсыну бойынша қарқынды жұмыс бастаған. Ал мемлекеттік меншік нысанындағы – 54 шаруашылық пен 350 жекеменшік, шетел меншігіне тиесілі 11 субъекті таратылды.
Заңды тұлғалардың дені Петропавл қаласында тіркелді (71,1 пайыз), сонымен қатар Шал ақын (5,8 пайыз), Тайынша (4,7 пайыз), Қызылжар (3,4 пайыз), Ақжар (2,0 пайыз), Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарды (2,4 пайыз) ерекше атап өткен жөн. Шаруашылық субъектілер Петропавл қаласы мен Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов аудандарында да таратылды.
Облыстық статистика департаменті.