«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ЕЛІК АТҚАН

Айыртау ауданының табиғат қорғау полицейлері заңсыз аң аулаған бес адамды ұстады. “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілен рейдке қорықшылар да қатысты.

Тәртіп сақшыларына орман ішінде мылтық дауысы естілгенін Галицыно ауылының тұр­ғыны жеткізген. Полицейлер мен қорықшылар келіп түскен хабардың жалған еместігін тек­серу үшін оқиға орнына бірден аттанды. Осы­лайша, олар аталмыш ауылдың қасындағы ерекше күтілетін табиғи аймақтың аумағында 29-35 жас аралығындағы 4 адам отырған көліктерді тоқтатты. Ал 26 жастағы көлік жүр­гізушісі оқиға орнынан қашып үлгергенімен, кейін ұсталды. Салондарды тексеру нәтиже­сін­де үш Сібір елігінің еті, “ТОЗ-34” маркалы қо­сауыз мылтық және кастет табылған. Күдік­ті­лердің айтуы бойынша, қазір екінші мылтық із­дестіріліп, келтірілген шығын көлемі анық­талуда.
– Біз “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” республикалық мемлекеттік кәсіпорны Айыртау аудандық филиалының мамандары­мен тұрақты түрде әріптестік байланыстамыз. Жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде эколо­гия­лық қылмыстарға жол бермеу және ашу үшін бұл жұмыс күшейтілді, – дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.
Жалпы, аталмыш іс-шара басталғалы бері өңірде табиғат ресурстарына браконьерлік жолмен қол сұғудың 9 фактісі тіркелсе, оның төртеуі заңсыз аң аулауға тиесілі.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp