«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕМЕҢГЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫН ТАНИ ТҮСТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем таныған жасампаздық қасиетін жас оқырмандардың зердесіне құю, олардың рухани білім көкжиегін кеңейту мақсатында балалар мен жасөспірімдердің Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері “Президентпен бірге қуатты Қазақстан!” деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

Осы тақырып бойынша көрмеге орналастырылған әдебиеттерді талқылауға қатысқан оқырмандар – Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттері – өздерінің назарына ұсынылған “Қазақстанның жаңа тарихы” үш томдығымен, “Тәуелсіз Қазақстан шетелдер сарапшыларының көзімен”, “Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: оқиғалар жылнамасы” кітаптарымен танысты. Сондай-ақ, тәжік жазушысы Абдуахит Ғафуровтың “Еліне елеулі Елбасы” атты туындысы жастардың назарына ұсынылды.

Көрмемен танысуда колледж студенттері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Елбасымыздың әлем таныған кемеңгерлік тұлғасына, мемлекетіміздің ең ардақты жетістігі – Тәуелсіздіктің игілігіне терең бойлап, зер салды.

Майра МАҚЫШЕВА,

 ұлттық әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp