«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕШ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Петропавлдағы Достық үйінде Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсының бірінші бөлігі шырқалды. Оны көркемдік жетекші еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Колчиннің дирижерлік етуімен облыстық филармонияның камералық хоры мен жеке әншілері орындады. Онегиннің партиясын – Әділ Нұриахметов, Татьянаны – Маргарита Яшенкина, Ольганы – Лилия Петрова, Ленскийді – Меңдібай Қарабалин, Трикені Мирас Баянов шырқады.

Операның әсем музыкасын, хордың көп дауыспен салған әдемі де жанды баурар әуенін көрермендер сілтідей тынып тыңдап, соңында зор қошемет көрсетті.

Сондай-ақ, Достық үйінің сахнасында облыстық филармонияның ішекті аспаптар квартеті де өнер көрсетті. Олар Мусоргскийдің “Гопак” және Рахманиновтың “Романс және скерцосын” орындады.

Кеш көңілімізден шығып, рухани ләззат алдық.

Анна КУЧЕРЕНКО,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp