Үстіміздегі жылдың мамыр айында облысымызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері орташа бір адамға шаққанда 17027 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10216 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6811 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 13489 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 21515 теңге және (қыздар) – 16484 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 20316 теңге және әйелдер – 16135 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 15938 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 17097 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 16903 теңгені құрады.
Облыстық Статистика департаменті.