Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бизнес субъектілерін қолдау қажеттілігі атап көрсетілген болатын. Еліміздің бас прокуроры біздің облысымызда көлік саласындағы заңдылықтарды қадағалауды Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына жүктеді.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ құрылғанын айта кеткен жөн. Мобильдік топтың міндеті кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау туралы шағымдарды жедел шешу болып табылады.
Кәсіпкерлер құқықтары бұзылған жағдайда 37-48-37 және 8-776-700-77-11 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.
Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы.