«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПТІК БАҒДАР – СТУДЕНТТЕРГЕ КӨМЕК

Батыл әрі батыр, өзіне өзі сенімді адам ғана құтқарушы болып қызмет ете алмақ. Бүгінгі күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері осы құрылымда жұмыс істегісі келетін үміткерлер арасында ақпараттық науқанды жандандыра түсті. Үгіт-насихат шараларының мақсаты – азаматтық қорғау органдарындағы бос лауазымдарды сапалы жеке құраммен толықтыру, азаматтық қорғаныс органдарының беделін арттыру.

Жуырда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде құқық қорғау қызметін насихаттау және оқудан кейін қызметке орналасу мәселесі жөнінде әскери кафедраның студенттерімен кездесу өткізілді. Департаменттің кадр саясаты бөлімінің бастығы Нұрлан Нүкішев бастаған қызметкерлер студенттермен әңгімелесулер өткізіліп, оларға кәсіби бағыттағы жадынамалар таратылды. Жастардың жұмысқа орналасу, әлеуметтік жеңілдіктер, зейнетақымен қамтамасыз ету, қызметтің артықшылығы және тестілеуден өтуге қатысты туындаған сұрақтарының барлығына Нұрлан Нүкішев толыққанды жауап қайтарды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp