Осызаманғы технологиялардың арқасында есту кемістігі бар адамдар өздерін қоғамның толыққанды мүшелері ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Енді құлақ кемістігі бар жандардың бір-бірімен танысуларына, қарым-қатынас жасауларына, күн сайын болып жатқан жаңалықтарды білулеріне, қоғаммен бірге тыныстап, өзекті мәселелерді талқылауларына жол ашылды.
“Қазақстан-Петропавл” телеарнасында жаңалықтардың сурдоаудармамен берілуі есту қабілеттері шектеулі жандардың облыс жаңалықтарынан құлағдар болып, дүниетанымының кеңейе түсуіне жасалған қамқорлық деп білеміз. Жаңалықтарға жедел де сапалы сурдоаударма жасайтын мамандар – Сергей Мозлов пен Нағима Сауытова. Бізге осындай мүмкіндік туғызып, дүбірлі дүниеге жақындатып отырғандары үшін телеарна басшыларына есту кемістігі бар әрқайсымыздың атымыздан алғысымыз шексіз.
Анастасия МОРГУНОВА.