«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлік ұтқан жерлесіміз

Еліміздің Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған “Түбіртек талап ет – сыйлық ұтып ал!” акциясының бас жүлдесі “Chevrolet” автокөлігін біздің жерлесіміз ұтып алды.

 

Еске сала кетсек, қазан мен қараша айларында ойынның бірінші кезеңі облыстық деңгейде өткен болатын. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаменті 46345 чек жинап, екі ай бойы анықталған алты жеңімпаздың әрқайсысына 30 мың теңгенің бағалы сыйлықтарын табыс етті. Бұл шараға 789 адам қатысты. Сондай-ақ, көп түбіртек жолдаған екі белсенді қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді.

“Атамекен” кәсіпкерлер палатасы ұсынған республикалық автокөлік ұтысында 2016 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде тіркелген барлық түбіртектер есепке алынды. Ұтысқа 27 мың қазақстандық қатысты. Ойын құрамына БАҚ, қоғам және бизнес бірлестіктерінің өкілдері енген комиссияның қадағалауымен ашық жағдайда өткізілді. “Бақытты түбіртек” компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырылып таңдалды.

Акцияның бас жүлдесі “Chevrolet” автокөлігін Петропавл қаласының тұрғыны, “Қазақтелеком” АҚ-ы облыстық филиалының қызметкері Равиль Хайруллин ұтып алды. Ұйымдастырушылар жақсы хабарды жеткізу үшін оған ойын үстінде телефон шалды. Одан басқа 100 мың және 300 мың теңге сомасындағы ақшалай сертификаттар ұтыстары алматылық және оңтүстікқазақстандық тұрғындарға бұйырды.

Лилия ӘБІЛЕВА,

облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp