Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында мал шаруашылығы кешенінің жаңа бөлімшелеріне барды. Мұнда беларустік «Инвет» компаниясының жабдықтары орнатылған. Кешенде 600-ге жуық ірі қара ббағып күтілуде.
– Біз тек өзіміздің шикізатпен жұмыс істейміз. Ал шикізат болу үшін, мал шаруашылығын дамыту қажет. Астық өсіру маусымдық жұмыс, ал мал өсірумен қысы-жазы айналысуға болады, – деді «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.