Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Біздің департамент жыл сайын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мемлекеттік мүліктердің тиімді және мақсатты пайдалануы бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №562 “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қарасты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің тексеруіне жататын республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында тексеру жоспарларын бекіту туралы” бұйрығы басшылыққа алынып, республикалық заңды тұлғалар мен олардың филиалдарының республикалық мүлікті мақсатты пайлалануына тексеріс жүргізу кестесі жасалды.
Тексеру барысында мемлекеттік органдарды орналастыру жағдайы, қызмет автокөліктері санының тиісті нормативтер мен тізімдерге сәйкестігі, жылжымайтын мүлік нысандарына және көлік құралдарына мемлекеттік тіркеудің бар-жоғы, “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы заңының нормаларын сақтау, мүлікті есептен шығарудың дұрыстығы, пайдаланылған мүліктің бар-жоғы сияқты мәселелер қаралады.
Үстіміздегі жылы жүргізілген 18 тексерістің нәтижесінде пайдаланылмайтын немесе мүлікті мақсаты бойынша пайдаланбаудың 447 фактісі анықталып, мынадай ұсыныс жасалды:
– 1 автомашинаны мақсатына пайдалану;
– 1 желілік лазер принтерді мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлу;
– 2 имаратты жалға беру;
– 38 негізгі құралды (27 құрал-сайман, 9 автомашина, 2 ғимарат) жекешелендіруге беру;
– 405 техникалық жарамсыз жағдайдағы негізгі құралды (құрал-жабдықтар) есептен шығару.
2013 жылғы 23 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен хаттамалық кеңесін орындау мақсатында 2013 жылы жүргізілген мемлекеттік жылжымайтын мүліктерді тексеруді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.
Пайдаланылмайтын немесе мақсатына пайдаланылмайтын мүліктерді анықтау, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды тиімді орналастыру бойынша ұсыныс жасалғандарды әлеуметтік нысандарға және жекешелендіруге беру тексерудің басты мақсаты болды.
Облыста 138 республикалық мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынға тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша 4388,36 шаршы метр көлемінде артық аумақ анықталып, оларды мемлекеттік органдарға орналастыру және сатуға шығару үшін ұсыныс жасалды.
Қабылданған барлық шешімдер орындалды, жалпы алаңы 3368,33 шаршы метрді құрайтын 24 жылжымайтын нысан сатылды, нысандарды сатып алу-сату келісіміне қол қойылды, нысандарды сатудан түскен қаржы сомасы 22 400 мың теңге болды, қызметкерлерді тиімді орналастыру жүргізілді, 14 жылжымайтын нысанның жалпы алаңы 1020,03 шаршы метрді құрайтын артық ғимаратына өз орындары жоқ 10 мемлекеттік заңды тұлға орналастырылды.
Жағдайды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша Мүлікке мемлекеттік құқықты сатып алу ережесіне сәйкес департамент сыйға тарту шарты бойынша мүлікке мемлекеттік құқықты сатып алу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсететіндігін хабарлаймыз. Мүлік иелері – жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекет мүлкіне қатысты өкілетті органға немесе сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныспен департаментке хабарласа алады.
“Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте сыйға тарту шарты бойынша жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікке құқығын Қазақстан Республикасында қабылдау” тәртібі департаменттің фойесіндегі стендке орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мынадан алуға болады:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin. gov.kz интернет-ресурсынан;
2) “Электронды үкіметтің” www.e.gov.kz веб-порталынан;
3) қызмет берушінің www.kgip.minfin.gov.kz интернет-ресурсынан.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесіне сәйкес 4000 шаршы метрдей аумаққа 94 жалдау шарты жасалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мемлекеттік мүлікті жалға алудан республикалық бюджетке 14 700 теңгеден астам қаражат аударылды.
Бұдан басқа, мүлікті сенімді басқаруға беру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген ғимараттарды сенімді басқаруға жасалған 12 шарт бар. Сенімді басқаруға берілген ғимараттардың жалпы аумағы 1587,2 шаршы метрді құрайды. Бұл ғимараттар қайтарымсыз негізде, жұмысқа орналастыру жағдайымен кейін сатып алу құқығынсыз, ағымдағы жөндеусіз, электр қуатын есептегіш құралдарын орнатусыз сенімді басқаруға берілді.
Департамент республика меншігіндегі нысандарды саудаға қою бойынша жұмыс жүргізуде, соған орай үстіміздегі жылы 8 электронды аукцион өткізіліп, 57 нысан саудаға қойылғанын атап айтқым келеді. Сауда-саттық нәтижесі бойынша республикалық меншіктегі 50 нысан жалпы сомасы 36 901 мың теңгеге сатылды.
Сонымен департаменттің жұмысы мемлекеттік меншікті тиімді және мақсатты пайдалануға бағытталады, пайдаланылмайтын немесе өз мақсатына пайдаланылмайтын мүліктерді мақсатты пайдалануға, басқа мемлекеттік органдарға беруге, жекешелендіруге немесе жалға, сенімді басқаруға беруге және сол арқылы республикалық бюджетке түсетін түсімді арттыруға жағдай жасайды.
Татьяна ФИЛИППОВА,
облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің
бөлім басшысы.