«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ

Халықаралық балаларды қорғау күні “Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат” мекемесінде мерекелік жиыннан басталып, баспананың дарынды оқушылары арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетерлік жайт, мектеп-интернат оқушыларының спортқа құлшыныстары өте жоғары және республика бойынша түрлі вокалдық, би сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

“Қызылжар” орталық мешітінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осы мерекеге орай облыстық “Қызылжар” орталық мешіті, қажылар қауымдастығы, сондай-ақ, Балтабаевтар отбасы бірлесе отырып, аталмыш интернаттың балаларына мерекелік дастарқан жайды. Сонымен қатар балаларға қажетті киім-кешектер тарту етті.

Мерекелік шара барысында балалар ән салып,күйлер де орындады.

“Қызылжар-Ақпарат”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp