«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕКТЕРДІ МАЗАЛАЙТЫН МӘСЕЛЕ

“Мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзивті дамуы: проблемалары және шешу жолдары”. Осындай тақырыпта “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі облыс орталығында “дөңгелек үстел” өткізді.

Кездесу барысында кембағал жандарды мазалап жүрген сұрақтар ортаға салынып, пікірлер тыңдалды.

Бүгінгі таңда қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардағы пандустардың көңіл көншітпейтін жайы да бұл күні әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, облыс орталығында орналасқан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мүгедектерге арналған арнайы пандустың жоқтығы тілге тиек етілді. Өзін қатарластарымен тең санап, білім бұлағынан сусындағысы келетін сырқат адамдар үшін бұл өмір жолында кездесетін көптеген тосқауылдардың бірі ғана.  

“АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі директорының орынбасары Сәлімхан Сәбитов “дөңгелек үстел” басында жоспарлы жұмыстарының барысына тоқталып, шалғай аудандардағы мүмкіндігі шектеулі адамдармен қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы жайында айтты.

– Біз сапарлар барысында қамкөңіл жандармен кездесіп, сөйлесіп, ортақ ойларды талқылаймыз. Олардың ұсыныстарын тыңдаймыз. Осындай шаралар арқылы алдағы уақытта қордаланып қалған проблемалардың шешу жолдарын табамыз деген үміттеміз, – деді ол.

Қоғамның назарын аударып, болашақта бірлесіп жұмыс істеу үшін “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігі алдағы уақытта да “дөңгелек үстел” ұйымдастыруды көздеп отыр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp