«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР

Үстіміздегі жылы өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты болды. Жыл басынан бері облыс аумағында 8799 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе де, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға төмен. Сонымен бірге, қылмыстардың ашылу көрсеткіші де артты. Оның үстіне өткен жылдары жасалған 500-ден астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 102 қылмыскер ұсталды.

 

Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы мүшелерінің алдында жасаған есебінде жергілікті полиция қызметінің жұмысына кеңінен тоқталды. Бүгінде полицейлердің материалдық-техникалық жағдайы жақсартылуда. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауға тұрғындар да атсалысуда. Жол-көлік оқиғалары санының азаюы, ұсақ бұзақылықтарға мүлдем төзбеушілік ахуалының қалыптасуы және тұрғындардың полицейлерге деген сенімінің артуы алдын алу жұмыстарының нәтижесі екені сөзсіз.

Жиналғандар өңір полицейлерінің әлеуетін жоғары бағалап, өздерінің сайлау учаскелеріндегі құқықтық тәртіп жағдайына тоқталды. Әсіресе, азаматтардың жолдағы, оқу орындары мен балабақшалардың маңындағы қоғамдық қауіпсіздігі мәселелері жиі көтерілді. Берік Біләлов келесі жылы адамдар көп жүретін ғимараттар, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер маңында бейнекамералар орнату жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp