Осы аптаның басынан ауа райының күрт жылынуы солтүстікқазақстандықтарды абыржыта қойған жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жауған қардың соңы көктайғаққа әкеліп соғатындығын Петропавл қаласының, аудандардың атқарушы органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына алдын ала хабарлады. Соған орай апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құрылымдары, байланыс және құлақтандыру құралдары дайындыққа келтіріліп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысының тұрақтылығы жүзеге асырылды, көлік қозғалысының, автокөлік жолдары мен көпірлердің жағдайын бақылау күшейтілді. Ұялы байланыс операторлары арқылы 292582 абонентке хабар беру SMS бойынша жүзеге асырылды.
Ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) 2015 жылғы 23 қарашада 21 сағат 30 минуттан бастап бүкіл көлік түрлері үшін барлық бағыттардағы қозғалыс жабылды.
2015 жылғы 23 қарашада облыстың Тайынша, Қызылжар және Шал ақын аудандарының автожолдарында көктайғаққа байланысты көліктердің жол жиегіндегі жыраға түсіп кетуінің (2 жүк және 1 жеңіл автокөлік) 3 оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдардың және СҚО ТЖД “Апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ жеке құрамының жедел іс-әрекеті арқасында көліктер жүру жолына сүйреп шығарылып, сапарларын жалғастырды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.