«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЫРҒА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК

Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні шеңберінде “Біздің қолымыздан келеді! Менің де қолымнан келеді!” ұранымен онкологиялық аурулардың алдын алуға және оның белгілерін ерте анықтауға арналған онкүндік өтуде. Облыс тұрғындары шара аясында тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда бейінді мамандардың кеңесін тегін ала алады. Сонымен қатар, онкологиялық диспансерде “Ашық есік күні” ұйымдастырылып, онкоқырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер үшін семинарлар және халық көп жиналатын орындарда кең ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Толық ақпаратты тұрғындар онкодиспансерден ала алады.

– Облыстық онкологиялық диспансер обырды диагностикалау және емдеуге қажетті барлық озық технологиялармен жабдықталған. Әсіресе, ауру ерте кезеңде анықталған жағдайда науқас үшін обырдан толықтай айығып кетуге мүмкіндік бар. Скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісіктің алдын алуда және ерте кезеңде анықтауда ең тиімді тәсіл болып табылады, – дейді аталмыш медицина мекемесінің бас дәрігері Ермек Әбдірайымов.

Былтыр еліміз бойынша онкологиялық скринингтер аясында 2 миллионнан астам ересек тұрғындар тексерістен өтті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp