Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысының 80 пайызы онлайн форматқа ауысты. Бұдан былай тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 600-ден астамына электронды портал арқылы қол жеткізуге болады.
Петропавл қаласындағы ХҚКО-да жүзден астам маман жұмыс істейді. Карантин талаптары қатаңдатылғаннан бері олардың жартысына жуығы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Қажетті құжаттарды алу үшін “egov.kz” электронды порталы арқылы келетін кезек уақыты белгіленеді.
Кезекті онлайн алудың төрт жолы ұсынылады: “egov.kz”, “telegram”-дағы “egovvkzot”, “eGov Mobile” қосымшасы, 1414 call-орталығы. Техника тілін түсінбейтіндер, сондай-ақ, мүгедектер мен қариялар кеңесшілердің көмегіне жүгіне алады.
Халыққа қызмет көрсету орталығы 700-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсете алады. Олардың 80 пайыздайы онлайн қолжетімді. Тек жүзге жуық қызмет түрі ғана қағаз жүзінде рәсімделеді.
Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,
“Азаматтарға арналған үкімет” АҚ-ы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.