Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды.
Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шал ақын ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Қ.Б.Уаисовқа қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оған әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алды, сондай-ақ тиісті ілеспе ветеринариялық құжатсыз ірі қара малын аудан аумағында тасымалдауға көмектесті деген айып тағылды. 25 қыркүйекте Петропавл қалалық сотының үкімімен К. Уаисов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Уаисовтың мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынды.
www.inform.kz