Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Айдын Тілеуғабылов пен Даниал Амангелді робот техникасынан республикалық олимпиадада жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, қарашаның басында Катар елінде өткен әлем чемпионатына қатысып келді.
Олар өңірімізде биыл ашылған жаңа мектептен аз уақыт ішінде халықаралық деңгейдегі байқауға қатысқан екінші топ. Бірінші топ Ресей елінде биологиядан ұйымдастырылған білім додасының сынына түсіп келген болатын. Айдын мен Даниал әлемнің 79 елінің өнертапқыштары қатысқан сайыста 36-орынды иеленді. Бұл – ғылымға енді қадам басқан жас өнертапқыштар үшін үлкен жетістік. Құтты болсын!
Әшім ҚҰСПЕКОВ,
8 “В” сынып оқушысы.