Екіжақты ынтымақтастық орнағаннан бері Австрия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 12 есеге артқан. Бұл туралы Вена қаласында өткен Австрия машина жасаушыларының форумында Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев мәлім етті. “Болашақта да осы өсу үрдісі жалғаса береді. Австрия ТМД құрамына кірмейтін елдер арасында Қазақстанның төртінші сауда әріптесі, ал тауар көлемі бойынша Еуроодақ елдері арасында біздің үшінші серіктесіміз болып отыр. 2014 жылдың нәтижесіне қарасақ, екіжақты сауда айналымының көлемі 3,1 млрд. еуроны құраған, – деді форум барысында Мейрам Пішембаев.
“ҚазАқпарат”.