«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕР АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне елордалық «Жастар» театрының актеры Мейірғат Амангелдин келді. 

«Жастар» театры күзгі гастрольдік сапарларын біздің өңірімізден бастады. Олар Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өздерінің үздік 5 қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Рөлдерді сомдаушылар арасында Даурен Серғазин, Мейірғат Амангелдин, Назерке Серікболқызы да бар. Сахна төріне бес жылдан астам уақытын арнаған Мейірғат Амангелдин солтүстікқазақстандықтардың өздерін жылы шыраймен қарсы алғандары үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар құрамы өз сауалдарына жауап алып, белгілі актермен сұхбаттасқандарына риза болды.

http://www.nkzu.kz  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp