Бүгінгі таңда елімізде сұңқылдақ аққудың (Лебедь-кликун) – саны кеміп барады.
Олар Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс өңірлерінің 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамысты, қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Аққудың бұл түрін швед ғалымы Карл Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты. Тұмсығының, мойнының және дене бітімінің пішінімен ерекшеленеді. Кіші аққудан ірірек келеді: бойы 140-160 см., қанат жаюы – 205-235 см., ал салмағы 8-15 кг. болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400-дей болған, одан бері саны едәуір азайды.