«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Татулығы жарасқан ел бақытты

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында қайырымдылық дәстүрлерін, мейірімділік қасиеттерді ұлықтайтын мереке – Алғыс айту күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов осымен екінші рет атап өтіліп жатқан мерекенің маңызына тоқталды.

– Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында еліміздегі барлық этностардың бір-біріне және өздеріне, туғанындай мейірім көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Атаулы күннің бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан этнос өкілдерін, тіпті, жақындастыра түсуге ықпалы зор, – деді Наиль Камильевич.

Осы үндес ой-пікірлерімен “Видергебурт” неміс қоғамдық орталығының төрайымы Эльвира Ковзель және “Барбанг” күрдтер қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Рашид Надиров бөлісіп, өздері басқарып отырған ұйым атынан қазақ халқының кеңпейілдігіне алғыстарын білдірді.

Гүлнәр ЖҰПАРБЕК,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp