«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Жаслан Өндірісұлы Смағұлов облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры болып тағайындалды.

Жаслан Смағұлов 1983 жылы 27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Петровка ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған ол 2006 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Жаслан Өндірісұлы 2011 жылы Петропавл қалалық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығы қызметіне, 2013 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы прокурорының орынбасары болды.

Үйленген, 2 баланың әкесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp