Жыл басынан бері 8 адам су құрбаны болды, оның 7-еуі – балықшы.
Соңғы қайғылы жағдай Жамбыл ауданының Екатериновка ауылы маңындағы Пятное көлінде орын алды. Ауылдың 73 жастағы тұрғыны таңертең ескекті қайықпен көлге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Оның балық аулаудан келмегендігін келесі күні туысқандары құқық қорғау органдарына хабарлаған. Соған орай жедел іске кіріскен суда құтқару қызметінің сүңгуір-құтқарушылары балықшының өлі денесін судан алып шықты.
“Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесі облыс азаматтарына суда абай болуды тағы да ескертіп, судағы төтенше жағдайды көріп қалған кезде жедел 112 телефонына хабарлауды сұрайды.
Төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі.