Жуырда дүркіреп өткен мектеп бітіру кештерінде заң бұзушылық орын алған жоқ. Осы жайында облыстық Ішкі істер дапартаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл кештерді 600-ге жуық тәртіп сақшысы бақылауға алған болатын.
Облыс бойынша 242 мектепте, 90 дәмханада және 8 басқа да мекемеде өткен түлектердің кештері тәртіп сақшыларының тарапынан қатаң бақылауға алынды. Бұл шараларға облыс орталығында 180 полиция қызметкері жұмылдырылса, аудандарда 412 тәртіп сақшысы жұмыс істеген.
Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мерекелік кештерде түлектердің тарапынан орын алған бірде-бір заң бұзушылық тіркелмеген.
Жалпы, биыл облыс бойынша 4326 түлек мектеп бітірген. Олардың 1376-ы облыс орталығынан болса, 2950-і – аудандар мектептерінің түлектері.
(Өз тілшімізден).