Айыртау ауданындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Ару Қалидың айналадағы табиғат құбылыстарына, адамдардың түрлі қасиеттеріне, туған жер тақырыптарына арнаған өлеңдері әлі көркемдік деңгейімен емес, шынайылығымен ерекшеленеді. Болашақта алмас тілді, сырлы сезімді ақын болуды армандайтын талапкердің тырнақалды туындысын ұсынып отырмыз.
Табиғатта жаман мезгіл болмайды,
Әр кезеңі өздігінен тамаша.
Адамдарды ыстығымен қорғайды,
Сәл суықтан жаурап қалса балаша.
Көкөнісін төгер күңгірт күзімен,
Ағаштары бүршік жарса көктемде.
Қуат сыйлар адамдардың жүзіне,
Қыс қаңтары аппақ қарын төккенде.
Төрт мезгілдің төртеуі де керемет,
Тіршіліктің тамырына нәр берген.
Бақыт, нұрға, қуанышқа бөленед,
Ал адамдар әр кезеңде әрленген.
Ару ҚАЛИ,
Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы.
Айыртау ауданы.