«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЧЕМПИОН ЖЕҢІЛДІ

Маракана стадионында әлемнің ең азулы командасы атанған Испания чемпиондық тәжімен қош айтысты.

Соңғы алты жыл бойы ешкімге жүлде ұстатпай келе жатқан Икер Касильяс пен оның отандастары жеңісті жолдан адасып, алдымен Голландиядан (1:5), содан соң Чилиден (0:2) оңбай ұтылды. 2010 жылғы әлем чемпионаты кубогының иегері, 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионы болған Испания құрамасы соңғы төрт әлем чемпионатында топтық іріктеуден аса алмаған үшінші чемпион болып отыр.

Ал әлем біріншілігінің өзге кездесулерінің нәтижелері төменгідей:

“Н” тобында Бельгия құрамасы алжирлықтармен болған кездесуде 2:1 есебімен алға шықты.

“G” тобындағы кезекті ойында Гана мен АҚШ құрамалары кездесті. Есеп 1:2.

Корея құрамасы Ресеймен тең түсті. Есеп 1:1.

“А” тобындағы екінші тур ойындарында Бразилия мен Мексика кездесті. Есеп 0:0.

“В” тобындағы Голландия екінші ойынында Австралияны ұтты. Есеп 2:3.

“А” тобында екінші тур ойындары аяқталды. Алғашқы матчта Бразилиядан ұтылған Хорватия құрамасы екінші турда Камерунмен ойнап, ірі есеппен жеңіске жетті – 4:0.

“С” тобында Кот-д’Ивуарды 2:1 есебімен жеңген Колумбия плей-офф кезеңіне өтті.

Уругвай және Англия арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp