«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫНАЙЫ ШАТТЫҚ

Барша қазақстандық үшін маңызы зор мереке – Тәуелсіздік күні “Болашақ” бөбекжай-балабақшасында аталып өтті. Балалардың патриоттық сезімін, Отанға сүйіспеншілігін арттыра түсуге бағытталған шара аясында тәрбиеленушілер мемлекетіміздің Гимнін орындап, ерекше көңілкүйге бөленді. Концерттік бағдарлама аясында тұлымдылар мен бұрымдылар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық ойындарға қатысты.

Тәуелсіз елдің ұландары жас мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін паш еткен тәрбиешілердің төл тарихымыз, салт-дәстүріміз жайында әдемі әңгімесін тыңдап, бала жүректен шыққан қуаныштарын әсем әнмен, тамаша бимен жеткізді.

Баян САҒИТОВА,

“Болашақ” бөбекжай-балабақшасының

қазақ тілі мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp