«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГЕТИКА АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Кеше С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстан энергетикасы ардагерлерінің кезекті республикалық форумы болып өтті. Онда Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының (ҚЭҚ) энергетика саласында пайда болған проблемаларды шешуіне арналған қызметінің негізгі бағыттары, ҚЭҚ ардагер энергетиктері кеңесінің есебі талқыланды. Оған республика өңірлерінің, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның ардагер энергетиктері, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, “Самұрықэнерго” АҚ-ның, ҚЭҚ-ның жауапты қызметкерлері, энергетикалық компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары, облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Форумды ашқан ҚЭҚ ардагер энергетиктері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов осынау республикалық деңгейдегі шараны өткізуге жағдай жасап, қонақжайлылық танытып отырған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа, “СолҚазЭнерго” АҚ-ның басшыларына ризашылығын білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко ардагер энергетиктердің республикалық форумына қатысушыларды өңір басшысы Ерік Сұлтановтың атынан құттықтап, аталмыш шараның жұмысына сәттілік тіледі, өңірдің энергетикалық кешенін дамытуға қосқан зор үлесі, тиімді және адал еңбегі үшін Валерий Гаврилинге, Нина Севастьяноваға облыс әкімінің Құрмет грамотасын, Вера Прокофьеваға, Лидия Усиковаға, Татьяна Некипеловаға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

ҚЭҚ директорлар кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаев, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Владимир Клякин құттықтау сөз сөйледі.

ҚЭҚ төрағасы, жерлесіміз Шаймерден Оразалинов Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының (ҚЭҚ) энергетика саласында пайда болған проблемаларды шешуіне арналған қызметінің негізгі бағыттарын баяндады. Шаймерден Әбілмәжінұлының айтуына қарағанда, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, республикада электр қуатын тұтыну 91,44 млрд. кВт/сағ. болды, ал өндірістікі – 90,24 млрд. кВт/сағ. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстанның экономикалық нақты өсімі 2014-2018 жылдары 6-7,1 пайыз болады деп болжап отыр. Еліміздің экономикалық дамуының осындай оң серпіні сақталған жағдайда 2030 жылға қарай электр қуатын тұтыну 144,7 млрд. кВт/сағатты құрайды.

Қазақстан энергетикасы ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов бір жыл ішінде атқарылған жұмыс және алда тұрған міндеттер жайлы есеп берді.

Форумда ресейлік ардагер Владимир Костюков, украиналық Зоя Томаш, қырғызстандық Болотбек Иманалиев сөз сөйлеп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жатқан энергетиктерге жаңа табыстар тіледі.

Нұрсайын ШӘРІП,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp