«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ғалым, жазушы, аудармашы Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Евней Бөкетовтің бірегей мұрасы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Шарада алғашқы болып сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Зарқын Тайшыбай Евней Бөкетовті алғаш рет Қарағанды облыстық газетінде жұмыс істеп жүрген кезде көріп, танысқанын, Шоқан туралы «Шоқанның шуақты күндері» атты 100 беттік еңбегін қысқартып, қазақшалап 10 бет қылып бастырғанын тілге тиек ете отыра, оның адамгершілік келбетіне, кісілігіне, еліміздің ғылымы мен әдебиетіне сіңірген зор еңбегіне жан-жақты тоқталды.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиет институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Данагүл Қуандықова «Академик Е.Бөкетовтің өмірі мен әдеби мұрасы» тақырыбында баяндама жасаса, білім ошағының тарих, экономика және құқық кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зылыйқа Бимақанова «Евней Бөкетов – қазақтың Ломоносовы» тақырыбын сөз етті. Шарада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Жанбай Қадыров та сөз алып, өз зерттеулерімен бөлісті.

Ғалымның мерейтойына орай облыс орталығындағы Евней Бөкетов ескерткіші жанында да шара өтті. Онда жиналғандар гүл шоқтарын қойып, академиктің рухына тағзым етті.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp