«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.03.2025

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ»

Белгілі заңгер, тіл жанашыры Қайрат Дүйсенбімен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қатарлас оқыдым. Сол кездің өзінде әншілік, термешілік, асабалық қасиеттерімен, жазу- сызуға деген қабілетімен танылды. Замандасымыздың егемендіктің елең-алаң шағында атқарған қоғамдық жұмыстары мен тынымсыз тірлігі – үлкен ерлікке пара-пар, айрықша құрметтеуге лайық. Мерейлі 70 жасқа толып отырған Қайрат Дүйсенбімен тіл төңірегінде аз-мұз әңгімелескен едік. – …

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ» Read More »

ҚАНІШЕРЛЕРГЕ – ҚАТАҢ ЖАЗА

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сергей Емельянов, Данил Орлов және Ирина Скоробогатоваға қатысты апелляциялық шағымды қарай келіп, бір отбасын ойрандаған үш айыпталушының жазасын қатаңдатты. Еске сала кетейік, 2023 жылы жаңа жыл қарсаңында кәсіпкер Вадим Приходченко мен оның жұбайы Юлия және олардың 17 жастағы ұлы Юрийдің өлі денелері үйлерінен табылған болатын. Көп ұзамай үш …

ҚАНІШЕРЛЕРГЕ – ҚАТАҢ ЖАЗА Read More »

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ғалым, жазушы, аудармашы Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Евней Бөкетовтің бірегей мұрасы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Шарада алғашқы болып сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Зарқын Тайшыбай Евней Бөкетовті алғаш рет Қарағанды облыстық газетінде жұмыс істеп жүрген кезде көріп, танысқанын, Шоқан туралы …

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ Read More »

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды әлеуметтік желіде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. «Алдағы уақытта жоспарлары орындалып, Олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғауға жазсын. Нұрқожа мен бапкерлерін, спорт сүйер қауымды алтын жүлдемен құттықтаймын. Жеңісті күндер алда болсын!» …

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ Read More »

ЖЫЛҒАРАДАН ҚАЛҒАН ҚҰЖАТ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1852 жылы Жылғара Байтоқинге берілген Ресей империясының әулетті дворянин атағын тағайындау туралы І Николайдың грамотасының түнпұсқасы сақталған. Грамота бірнеше парақтан тұрады, кей абзацтары алтынмен жазылған. Ол заманда мұндай жоғары сый әсіресе мұсылмандарға өте сирек және ерекше жетістіктері үшін ғана берілген. 1967 жылы ұрпағы отбасылық жәдігер – құнды құжатты, сондай- ақ, Жылғараға берілген …

ЖЫЛҒАРАДАН ҚАЛҒАН ҚҰЖАТ Read More »

ТЕКЕ – МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІ

Уәлиханов ауданындағы ерекше қасиеті бар Теке көлі қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. 2020 жылы ас тұзын өңдеуге арналған келісімшарт аясында жергілікті атқарушы органдар жалпы ауданы 21,5 мың гектар Теке көлін жер қойнауын пайдаланушыға берген болатын. 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылған. Алайда уәкілетті орган екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты …

ТЕКЕ – МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІ Read More »

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ

Жақында Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім лифтіде бес жасар балаға пышақ ала жүгіріп, бетін тілгілеп тастады. Әйтеуір бала аман. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, психикалық ауытқуы бар балалардың ата-аналары оларды үнемі бақылауда ұстауға міндетті екенін айтты. Біздің өңірде психикалық ауытқуы бар адамдарға ем-дом көрсететін …

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ Read More »

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ

Мәдениеті күшті елді жаулап алу, жаулап алған күннің өзінде уысында ұстап тұру қиын екенін түсініп, алдымен халықтың сүт бетіндегі қаймағы саналған ардақтыларын өлтірген сұрқия саясатты тарихтан жақсы білеміз. Қазір де мәдениеттегі мәселелері шешілмеген елдің айы оңынан туа қояды дегенге сену қиын. Мемлекеттің іргесін мықтап ұстап тұрған бұл салада маман тапшы. Орташа жалақының төмендігі жастардың келуіне …

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ Read More »

ҚАУІП БҰЛТЫ СЕЙІЛДІ

Өңірде күн жылынғалы 24 автожолды су басты, қазір бұл учаскелердің басым бөлігінде жағдай жақсарған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Владимир Хутинаевтың айтуынша, қазіргі уақытта аудандық маңызы бар бірер жолды су басқан. – Уәлиханов ауданындағы Қаратал мен Бірлік ауылдарында энергетиктер мен департаменттің қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сілеті өзеніндегі су деңгейінің …

ҚАУІП БҰЛТЫ СЕЙІЛДІ Read More »

ӨҢІРДЕ ҚАНТ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Егіс науқаны қарсаңында сала өкілдерінің қатысуымен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен семинар-кеңесті ашқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов агроөнеркәсіптік кешеннің өңірдің дамуы үшін қажетті стратегиялық маңызы бар сала екенін атап өтті. – Өткен жылы саланың жалпы өнім көлемі 35,9 пайызға көбейіп, 936 млрд. теңгеге жетті. Диқандар 6,5 млн. тонна астық жинап, өзге өңірлердің арасында …

ӨҢІРДЕ ҚАНТ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ Read More »