Желбіреп туы аспанда,
Қалықтап ұшқан қыраны.
Талпынған биік асқарға,
Шырқалып бейбіт жыр-әні.
Кең-байтақ мынау жерінде,
Жарысып шапқан тұлпары.
Көк аспанында қалықтап,
Қияға ұшқан сұңқары.
Қайсарлық та бар қанында,
Ізгілігі де өшпеген.
Адалдығы бар арында,
Адамдық үнін көксеген.
Әлемге атын танытқан,
Тыныштық болған тілегі.
Айналдым сендей халықтан,
Жақсылық тұнған жүрегі.
Тәуелсіздікпен тыныстап,
Егемен болып есілген.
Тарихын талмай ұлықтап,
Мерейін жастың өсірген.
Мұраттарыңды арқалап,
Алысқа алып кетемін.
Естісін, білсін шартарап,
Қазақтың қандай екенін!
Асылбек ПӘТТЕЛ,
Әскери институттың курсанты.
Петропавл қаласы.