Өткен сенбі күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі сенбілігі өтті.
Орталықтандырылған газбен қамту жүйесі және газ баллондарын орнатуда қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауына байланысты республика аумағында 2012-2015 жылдары 262 тұрмыстық газдың жарылуы тіркелді. Соның салдарынан 198 адам зардап шегіп, 49-ы қаза тапқан. Тұрмыстық газ баллоны мен орталықтандырылған газбен қамту жүйесін пайдалануда тиісті ережелер дұрыс орындалмауы себебінен қайғылы жағдайлар орын алған. Осы орайда департамент қызметкерлері тұрмыста өрттің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы тұрғындар арасында жина-лыс өткізіп, нұсқаулықтар берді.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар
жөніндегі департаменттің
баспасөз хатшысы.