Қарағанды қаласында велоспорттан Азия біріншілігі өтті. Оған 29 елдің велошабандоздары қатысты. Аталмыш додада алты жерлесіміз өңір намысын қорғады.
Байрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша андерлер арасындағы 30 шақырымдық жекелей жарыста жерлесіміз Виктор Окишев жеңімпаз атанды. Андерлер арасындағы 176 шақырымдық топтық бәсекеде Вадим Галеев бiрiншi орынға ие болды. Сондай-ақ, тағы бiр солтүстiкқазақстандық – Олег Земляков жарысты екiншi болып аяқтады.
“Беткеұстар” велошабандоздары арасында 204 шақырымдық топтық бәсекеде Руслан Тiлеубаев жеңіске жетті.
Сөйтіп, Азия біріншілігінде жерлес велоспортшылар жетi алтын медальге қол жеткізді.
Қанат АТАМАНОВ.