«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы белсенді жастар бірлестігінің мүшелері Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арнап концерт қойды. Бүгінгі күні орталықта 18 жасөспірім тәрбиеленуде. Отбасылық қиындықтарға тап болған балалар бұл жерді 3 ай паналайды.

Жастар мұндағы балаларға ертегі желісімен қойылым да ұсынды. Олар осылайша өмірдің қиындығына тап болған жасөспірімдерге дұрыс жол сілтеуді мақсат тұтты. Белсенді жастар бірлестігінің мүшесі Наталья Пигалеваның айтуынша, балалар тәрбиесіне ұстаздар ғана емес, қоғамның әрбір мүшесі өзінше атсалысса, олардың тәртібі дұрысталады.

Кеш соңында жастар орталықтағы балаларға ала келген сыйлықтарын табыс етті.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp