Жаймашуақ жаз артта қалып, сарыала күз де келіп жетті. Кез келген уақытта ауа райы бұзылып, жауын-шашынға ұласуы әбден мүмкін. Әсіресе, егінге орақ салған тұста жауған жауынның кесірін өңір диқандары сезініп отыр.
Тамыз айының соңғы күндері жаңбыр толассыз жауып, диқандарға қолбайлау болғаны белгілі. Ал бүгіндері күн ашық. Сондықтан өңірде орақ науқаны қыза түсті. Ауа райының ашық сәтін пайдаланып қалуға ұмтылған шаруалар ала жаздай баптаған “сары алтынды” шашау шығармай жинап алуға тырысуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы дерегіне сүйенсек, өңірімізде 2,8 млн. гектар дәнді дақыл алқабының 615,2 мың гектары орылған. Уақытпен санасуды білмейтін диқандар бұл жұмыстың 21,5 пайызын аяқтады. Толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.
Сурет https://moezerno.ru сайтынан алынды.