«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕР” – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Биыл ғана Қазақстан чемпионатына қосылған петропавлдың “Құлагер” командасы үздік үштіктен орын алып отыр. Ел чемпионаты әлі тамамдала қоймаса да, жерлестеріміздің бүгінгі қарқыны қуантады.

Қазір команданың қоржынында 71 ұпай бар. Мұның алтауы 13 және 14 қаңтар күндеріндегі ойындардың нәтижесінде қосылды. 13 қаңтар күні “Құлагер” өз айдынында елорданың “Астана” хоккейшілерімен алаңға шығып, қарсыластарын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Келесі күнгі кездесудің нәтижесі одан да асып түсті: ойын 9:2 есебімен аяқталды.

Енді “Құлагер” екі кездесуін сырт айдында өткізеді. Жерлестеріміз – Павлодарда “Ертіспен” күш сынасады.

Одан соң жерлестер өзіміздің қаламызға оралып, “Номадпен” айдынға шығады.

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp