«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтқарушылар көмекке әрқашан дайын

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыстық Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған кезекті брифингте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев құтқарушылардың қызметіне қатысты бірқатар деректерді алға тартты. Жыл он екі бойы жұрттың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін көз ілмейтін құтқарушылардың жұмысын жеңіл деп ешкім айта алмайды.

Департамент қызметкерлері үстіміздегі жылы апаттық-құтқару қызметі бойынша қағылған дабылға 1815 рет шыққан. Төтенше оқиға ортасынан 2 мың адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 391 адамның өмірін құтқарған, 261 адамға медициналық жәрдем көрсеткен. Сондай-ақ, былтырғы қыста қалың жауған қардың құрсауында қалған 4500 адам мен 1939 техникаға көмек көрсеткен. Көктемгі су тасқыны кезінде 35 елді мекеннің 797 тұрғыны құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге көшірілген. Осы орайда басшы департаменттің техникалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын айтты.

Департаменттің биылғы қысқа дайындығына, материалдық-техникалық базасындағы жаңалықтарға, мекеменің алдағы жоспарларына қатысты сауалдар қойған журналистер оның қызметіндегі үйлесімділікке көз жеткізді.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp