«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙ ШАТЫРЫН ЖАЛМАДЫ

Облыс орталығындағы тұрғыны жоқ жер үй отқа оранды.

Крылов көшесінің бойында орналасқан үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар “101″ телефон нөміріне түнгі 12-ден кете келіп түскен. Қалалық № мамандандырылған және №3 өрт сөндіру бөлімдерінің 12 қызметкері оқиға орнына тоғыз минуттан соң жетті. Екі учаскеге бөлінген өрт сөндірушілер үш техниканың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Нәтижесінде 42 шаршы метрді шарпыған жалын бір сағаттың ішінде толықтай сөндірілді. Оқыс оқиға салдарынан үйдің шатыры жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша, өрт белгісіз бір адамдардың отты пайдалану кезіндегі абайсыздығы салдарынан шығуы мүмкін.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp