«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕН КҮШ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өңіріміздегі жастар бастамалары орталығымен бірге “Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы алдын алу шаралары” тақырыбында семинар өткізді.

Кездесуге бірқатар жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Семинарды ашқан департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Нұрлан Жахин стратегиялық құжаттың басым бағыттарына тоқталып, жемқорлықпен күрес жолында жастардың көмегі зор екенін айтты.  

Шара барысында жастар ұйымдарының жетекшілері департаментпен бірлесе атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. Соңында департамент қызметкерлері мен жастар ұйымдары қоғамдағы сыбайлас жемқорлық сипаттарына мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында өзара әріптестік орнатуға уағдаласып, алдағы жылға бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуге келісті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp