«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНДЕ ТОП ЖАРДЫҚ

Облыс орталығында солтүстікқазақстандық спорт ардагері Михаил Антипинді еске алуға арналған үстел теннисінен V ашық турнир өз мәресіне жетті. Бес жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа осы жолы 60-тан астам спортшы – Петропавл, Астана, Көкшетау, Павлодар және Токио қаласының өкілдері қатысты. Сайыста облыс орталығының намысын “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.  

Бәсекелі доданың қорытындысы бойынша 40 жасқа дейінгі ерлер арасындағы жекелей сында астаналық Данил Пак жеңіске жетсе, бұл жастан жоғарылардың арасында Таңат Ахметов үздік атанды. Өзге жастағы топтарда петропавлдықтар қарсыластарына дес берген жоқ.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp