Сендерсіңдер өмірдегі тірегім,
Жан-жарамның табатұғын бір емін.
Әкем – асқар, анам – бұлақ секілді,
Арнап жүрген ақ маржандай тілегін.
Асқар тауым, биік шыңым өздерің,
Көңілімді оқып қояр көздерің.
Күндей ыстық ықыластарың от беріп,
Биік шыңға шығарады сөздерің.
Сендер барда мұңсыз, мінсіз күлем де,
Өмірімді мейірлене сүрем де.
Қадірлерің теңіздегі жақұттай,
Тарту етіп сыйлар едім мұны елге!
Асылбек ПӘТТЕЛ,
Әскери институттың курсанты.
Петропавл қаласы.