«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛИЯНЫҢ ЖЕҢІСІ

Әскери қызметте психологтердің атқаратын жұмысы орасан зор. Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті азаматтардың ішкі дайындығы, әскери адамның жан дүниесі, өмірге көзқарасы да көп жағдайда психологтердің бақылауында болады. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары олардың жұмысын ынталандыруды жыл сайын игі дәстүрге айналдырған. Әскери саладағы психологтердің арасында өткізілген бұл жолғы байқау сөзімізге дәлел бола алады.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мамандары ұйымдастырған сайысқа қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың, Петропавлдағы Әскери институттың, №5510 және №6637 әскери бөлімдерінің психологтері қатысып, олар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Үмітін үкілеп келгендердің шығармашылық әлеуеті және кәсіптік деңгейлері, білімі және біліктіліктері сараланды. Байқаудың қорытындысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Әлия Смағұлова жеңімпаз деп танылды. Байқауға қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

Меруерт МАКАШЕВА,

 облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp