«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙДІ

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ 467 мыңнан аса шарт иелеріне, оның ішінде салымында 1 млн. теңгеден көп қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді.

Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. теңгені құрап отыр. Бағамдық айырмашылық бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан төленеді.

ҚТҚЖБ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана өтемақы төленеді. Ал мынадай жағдайларда ТҚЖ салымына өтемақы төленбейді:

1. Салым 2015 жылғы 18 тамызға дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған болса.

2. Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса.

3. Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою (бұдан әрі – келісім) 2016 жылдың 8 ақпанынан басталып 1 маусымға дейін жалғасады (соңғы қабылдау күні – 2016 жылдың 31 мамыры).

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp