«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШІҢІЗДІ АЙТЫҢЫЗ, АЗАМАТ!

Еліміздің Бас прокуратурасы жанынан CALL-орталығы ашылды. Енді тұрғындар “115” телефон нөміріне тегін қоңырау соғып, мына сипаттағы өз өтініштерін қалдыра алады:

– органдардың қылмыстық қудалауы, қылмыс жөніндегі арызды тіркеуден негізсіз бас тарту, хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы, заңсыз жеткізгені, қамағаны және ұстағаны, сондай-ақ, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзудың өзге де фактілері бойынша;

– кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы, соның ішінде заңсыз тексерулер;

– азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы туралы, соның ішінде жалақыларын төлемеу;

– білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық жөнінде;

– тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақша талап ету фактілері туралы;

– прокуратура органдары қызметкерлерінің жемқорлық сипаттағы әрекеттері;

– прокуратура мекемелерінің қызметі бойынша ұсыныс-тілектер;

– прокуратура органдарының мемлекеттік қызмет көрсету ережесін түсіндіру.

Биылғы жылдан бастап қанатқақты жоба шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішін Астана, Алматы қалаларының және еліміздің облыстарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау ұйымдастырылды.

Бұған қоса, тұрғындар Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының Көкшетау қаласы, Бурабай, Зеренді аудандарындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасына шағымдана алады. Петропавл қаласы, Сәтбаев көшесі, 35-үйге немесе CALL-орталығының “115” телефон нөміріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ, Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасында әскери бөлімдердің, мекеме басшыларының және құқық қорғау органдарының құқық бұзушылық әрекеттерін хабарлау үшін 32-08-17, 38-13-43, 8-708-432-08-17 сенім телефондары жұмыс істейді. Тұрғындар өз арыз-шағымдарын 7155503@prokuror электронды мекенжайына немесе bap.prokuror.kz ресми сайтына жолдай алады.

Ермек ТҰРСЫНБАЕВ,

Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының

аға прокуроры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp