Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен “Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат” деп аталатын шарада М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары тоғысты.
Шараға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгері Боташ Қажымов қатысып, сол кезеңдегі ел егемендігін талап еткен жалынды жастардың ерлікке толы табанды әрекеттерін әсерлі баяндады.
Қатысушыларға “Жас қаламгер” клубы мүшелерінің Қазақстан Тәуелсіздігі мен Желтоқсан оқиғасына қатысты жүрекжарды жыр шумақтары, “Желтоқсан көтерілісі” және “Тәуелсіз Қазақстан” атты екі бейнежазба ұсынылды.
Оқушылар мен студенттер сұрапыл заманның қиындықтарын көзбен көрген аға буынның әңгімесін ұйып тыңдады. Кездесу барысында ынтымағы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанның осы күнге жетуіне көп еңбек сіңірген азаматтарымызды естен шығармау керектігі тілге тиек етілді.
Майра МАҚЫШЕВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының
бөлім меңгерушісі.