Биыл мектеп бітірген 63 солтүстікқазақстандық түлек өздерінің болашақ өмірлерін қоғамдық тәртіп саласымен байланыстырмақшы. Бір қызығы олардың жартысы – қыздар.
Полицияда қызмет еткісі келетіндер еліміздегі төрт жоғары оқу орнында білім алатын болады. Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары мен Ақтөбе заң институты болашақ тергеушілерді, жедел қызмет мамандарын, полицияның учаскелік инспекторларын, техникалық қызмет мамандарын даярлайды.